2025 жылғы 16-18 маусым аралығында Астанаға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен келеді. 17 маусым күні елордада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының қатысуымен "Қытай – Орталық Азия" іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Осы іс-шараға байланысты елордада 16-18 маусым аралығында бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Жол қозғалысы мына учаскелерде тоқтатылады:
- Қабанбай батыр даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан бастап Мәңгілік Ел даңғылына дейін;
- Мәңгілік Ел даңғылы Қабанбай батыр даңғылынан Д.Қонаев көшесіне дейін;
- Қонаев көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралық;
- Қабанбай батыр даңғылының Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігі.
Сондай-ақ 2025 жылғы 17 маусым күні мына көшелерде уақытша қозғалыс шектеледі:
- Керей-Жәнібек хандар көшесі – Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Шерхан Мұртаза көшесіне дейін;
- Тәуелсіздік даңғылы – Керей-Жәнібек хандар көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін.
Бұған қоса, 17 маусымда сағат 14:00-ден 20:30-ға дейін Бейбітшілік және келісім сарайы маңындағы Қ. Аманжолов және Ж.Нәжімеденов көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қозғалысында болатын өзгерістерді ескере отырып, бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолдағы қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.