Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады. Кездесуде энергетика және мұнай-газ салаларындағы инвестициялық жобалар жәйі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев ExxonMobil-дің ел экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, компанияны Қазақстанның энергетика секторындағы негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады. Сондай-ақ көмірсутегі өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған бірлескен жобалардың маңызына тоқталды. Ал Даррен Вудс «Теңіз», «Қашаған» және «Каспий құбыр консорциумы» жобаларын табысты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді .

Нұрсұлтан Тілектес