Олжас Бектенов туристердің еліміздегі жайлы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету шараларын әзірлеуді тапсырды.

Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізде туристердің жайлы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

«Қазақстан қашанда өзінің қонақжай қасиетімен танымал, сондықтан біз осы артықшылығымызды сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Атап айтқанда, туризм және спорт министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ұлттық туристік порталдың, eQonaq көші-қон сервисінің, такси қызметтерінің және туристерге арналған басқа да пайдалы ресурстардың функционалын кеңейту жұмысын жүргізуді тапсырды.

Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау министрліктеріне туристердің қауіпсіздік шараларын күшейтіп, шетел азаматтары үшін көптілді жедел желіні енгізу мәселесін пысықтауы қажет. Барлық туристік локациялар көптілді ақпаратпен қамтылу мәселесін пысықтау тапсырылды.

Туризм министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, бір ай мерзімде шетелдік туристердің Қазақстанда жайлы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.