Соңғы 5 жылда геология саласына 1 млрд доллар инвестиция тартылған. Бұл туралы бүгін 15-халықаралық тау-кен конгресінде айтылды. Осындай форумдардың елге қаржы тарту ісінде септігі мол, — деді өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан. Биыл конгрестің мерейтойлық мәртебесі оның маңыздылығын арттыра түсті. Жиынның алғашқы күнінде шет мемлекеттермен ынтымаққа баса назар аударылады. Швеция мен Қазақстан арасындағы серіктестік, Канаданың тау-кен саласындағы үздік тәжірибесі ұсынылады. Конгресс аясында Molymet компаниясымен меморандумға қол қою жоспарланған. Бұл кәсіпорын әлемде молибден мен ренийді өңдеу бойынша бірінші орында.

Ғалымжан Төребек, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитет төрағасының орынбасары:

Бірінші меморандум болады. Оны одан әрі жетілдіреміз. Сосын осы елімізде молибден өндірісі бойынша зауыт салу талқыланатын болады. Молибден – ол аса маңызды шикізаттардың бірі. Қолданылатын бағыты өте үлкен. Сирек металл ғой. Оның стратегиялық бағыты да үлкен.

Ернұр Медет