Қытайда су тасқынынан бірнеше ауыл халқы шұғыл эвакуацияланды.
Елдің бірқатар аймағында 10 күннен бері толассыз жауын жауып, арты табиғи апатқа ұласты.
Дицин-Тибет автономдық округінде сел жүріп, өзендер арнасынан тасыды. Салдарынан кей жерлерде көп қабатты тұрғын үйлер мен маңызды автожолдарды су шайып кетті. Шаруалар қыруар шығынға батып жатыр. 27 дүкен мен әлеуметтік нысан қираған. Апат аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Нуцзян округі қызыл судың құрсауында қалған. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған қосымша мыңға тарта техника жұмылдырылды.