Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Ол бұрын Сырдария ауданының (2021–2023) және Қызылорда қаласының (2008–2010) әкімі болғанын айта кетейік.

Еңбек жолы

1989 — 1990 — Сырдария ауданы Жамбыл ауылының, экономисі.

1990 — 1993 — Сырдария ауданының өнеркәсіптік бірлестігі-экономист, бөлім бастығы.

1993 — 1996 — "Әлем Банк Қазақстан" АҚ, Кредит маманы, кредит бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.

1996 — 1997 — Қызылорда облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі.

1997 — 1998 — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында оқу.

1998 — 2001 — Халық Банкінің Қызылорда облыстық филиалының директоры.

2002 — 2004 — Қызылорда облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары.

2004 — 2006 — Қызылорда қаласының қаржы бөлімінің бастығы.

2006 — 2008 — ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Өрт сөндіруші" АҚ, Экономика және қаржы жөніндегі Вице-президенті.

2008 — 2010 — Қызылорда қаласының әкімі.

2010 — 2011 — Қызылорда облысының қаржы басқармасының бастығы.

2011 — 2013 — Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі.

2013 — 2014 — Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.

2014 — 2015 — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.

2015 — 2017 — "ҚазАгроӨнім" АҚ Аппарат басшысы.

2017 — 2017 — Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

2017 — 2021 — Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі.

2021 — 2023 — Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімі.

2023-2026 — Мәжіліс депутаты.

Бұған дейін өңірді Нұрлыбек Нәлібаев басқарған еді. Ол премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне ауысты.