Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесін келер жылы жалғастырады.
Көршілеріміз ұйым мүшелігіне биыл өтуді жоспарлаған болатын. Бірақ көптеген кедергілер қол байлау болды. Ташкент биыл АҚШ және Қытаймен келіссөздерді қорытындылап, ұйымға мүше тағы 20 мемлекеттің қолдауын алды. Енді көршілеріміз әлемдік сауда ережелеріне сәйкес жұмыстарды атқаруы тиіс. Сонымен қатар нарықта әділ бәсекелестік орнатып, баршаға тең мүмкіндік ұсынуға міндетті. Өзбекстан сауда ұйымына өтсе, алдағы 5 немесе 7 жыл ішінде жалпы ішкі өнімін арттыруы мүмкін деп болжайды Дүниежүзілік банктің өкілдері. Естеріңізде болса, біздің ел Дүниежүзілік сауда ұйымына 2015 жылы қосылған болатын.