Астанада Байқоңыр ауданының Амангелді Иманов көшесінде 3 қабатты ғимаратта шыққан өрт сөндірілді.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Нақтыланған мәлімет бойынша, әуелі «Мангал» дәмханасы отқа оранып, кейін жалын көрші ғимаратқа, бұрынғы Cinema City кинотеатрына ауған. Өрт салдарынан нысан маңында тұрған бір жүк автокөлігі бүлінді.
Бақытжан Мауленбердиев, Астана қаласы ТЖД бастығының бірінші орынбасары:
- 2025 жылдың 8 желтоқсанында сағат 8-де Астана қаласы Байқоңыр ауданы Иманов көшесі 5 мекенжайы бойынша 3 қабатты жеке ғимаратың сыртқы қаптамасы жану туралы хабарлама келіп түсті. Бөлімшелер келген кезде сыртқы қаптамасының 280 шаршы метр аумақта жану байқалды. Атқарылған жұмыстардың арқасында өрт таралудың алдын алып, зардап шеккендер жоқ. 09-15-те өрт оқшауланды. Астана қаласы ТЖД 21 бірлік техника, 82 адам жұмылдырылды.