Биыл 10 айда елімізде жалпы ауданы 14,6 млн шаршы метр болатын баспана пайдалануға берілді.

Жоспарға сай жыл соңына дейін тағы шамамен 4,5 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа тапсырылуы тиіс. Бүгінде пәтер кезегінде тұрған 5 мыңға жуық адам жеңілдетілген бағдарламалар арқылы баспаналы болды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Қуандық Қажкенов Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата отырысында айтты. Жиынға қатысқан депутаттар, мемлекеттік органдар мен банк өкілдері тұрғын үй заңнамасын жетілдіру тақырыбында пікір алмасты. Көпшілік әлеуметтік осал топтағы үлескерлер құқығына басымдық беруді жөн санайды.