Астанадағы Сарыарқа ауданында орналасқан Атырау көпірінде 11:35 шамасында суицидке оқталу фактісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.


Алдын ала мәлімет бойынша, әйел кісі суға секіріп кеткен.

Оқиға орнына дереу Оперативті-құтқару жасағының күштері мен Астана қаласы ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.

Құтқару шаралары барысында әйел судан шығарылып, жедел түрде 103 қызметінің бригадасына тапсырылды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.