Жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді.

АҚШ-та 6 желтоқсанда (жергілікті уақыт) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Лараның арасындағы бірден үш белбеуді сарапқа салатын жекпе-жекті қазақстандық жанкүйерлер "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарының тікелей эфирінен 7 желтоқсан күні таңғы 06:00-де (қазақстандық уақыт) көре алады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qazaqstan Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Жәнібек Әлімханұлы – WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы болса, Эрисланди Лара – WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы.

Еске салайық, жекпе-жегі АҚШ-тың Техас штатының Сан-Антонио қаласында Frost Bank Center аренасында өтеді. Жәнібек Әлімханұлы осыған орай Америкадағы өз жанкүйерлерін аренаға Қазақстанның көк туын желбіретін келуді сұраған болатын. Сондай-ақ, ол қазақстандықтарды және өзге де жанкүйерлерін бұл жекпе-жекке бәс тікпеуге шақырды.


Оқи отырыңыз:

  • Тоқаев Жәнібек Әлімханұлын жаңа жеңісімен құттықтады
  • Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшыларының рейтингіне енді