Алматыда заңсыз салынған ірі нысан сүріліп жатыр, деп хабарлайды Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басқарманың мәліметінше, сот шешіміне сәйкес, Таугүл-3 шағынауданы Бекет Ата көшесі, 46 мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары басталған.
"Нысанның иесі (жеке тұлға) құрылысты рұқсатсыз жүргiзген. Басқарма тарапынан әкімшілік шаралар қолданылып, заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді", — делінген хабарламада.
Іс нысанды сүру туралы шешім қабылдау үшін сотқа жолданған. 2025 жылғы 20 қарашада Әуезов аудандық сотының шешімімен Қала құрылысын бақылау басқармасының талаптары қанағаттандырылған.
Сот шешімін орындау мақсатында нысанды меншік иесі өзі бұза бастаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз