2020 жылы қыркүйекте Мемлекет басшысы орман қоры аумағында 2025 жылға дейін 2 млрд түп ағаш отырғызу тапсырмасын берді.
Алайда, орман иеленушілердің мүмкіндіктері мен питомниктердегі отырғызу материалдарын ескере отырып, тапсырманы орындау мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды.
Тапсырма аясында ағаш отырғызу барысын қоғамдық бақылау мақсатында орман шаруашылығы іс-шаралары жүргізілген сайын жаңартылып отыратын интерактивті карта әзірленгенін атап өткен жөн.
Сурет: gov.kz сайтынан алынды.
Биыл көктемде 141 мың гектар аумақта 225 млн дана ағаш отырғызылды. Күзгі отырғызу кезеңіне 153 млн дана ағаш пен бұта отырғызу жоспарлануда.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Арал теңізінің құрғаған түбінде жалпы көлемі 1,1 млн гектар аумақта сексеуіл алқаптары құрылуда.
2021–2024 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған табанында 475 мың гектар жерде орман-мелиорациялық жұмыстар атқарылды. 2025 жылға арналған жоспар — 428 мың га (ЖАО – 100 мың га және ЭТРМ — 328 мың га).
Сурет: gov.kz сайтынан алынды.
Қала тұрғындары үшін қолайлы орта құрудың маңыздылығын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар 2021 жылдан бастап елді мекендерде 15,7 млн.ағаш отырғызды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 3,1 млн. ағаш отырғызылады.
Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері еліміздің өңірлерінде 405 іс-шара өтті, оған 1,4 млн-ға жуық адам қатысты, 82 мыңнан астамы еріктілер.
Нәтижесінде 1,7 млн-нан астам ағаш отырғызылып, 121 мың тоннадан астам қалдық жиналды, 584 мың гектарға жуық аумақ тазартылды.