Елде көлік салығы арзандайды. Енді 10 жылдан көп жүрген темір тұлпарларға 30%, 20 жылдан асқандарға 50% дейін жеңілдік беріледі.

Ал қозғалтқыш көлемі үлкен көліктерге салынатын қосымша салық алынады. Осы уақытқа дейін қозғалтқышы 3 литрден асатын көлік иелері төлемді көбірек төлейтін. Енді бәріне бірдей болады. Мұндай өзгеріс жаңа Салық кодексінде қаралған. Құжат қаңтар айынан бастап күшіне енеді.

Жандос Төлегенов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы:

- Көлемі 3-тен жоғары автокөліктерге біз қарайтынбыз. 2013 жылдан кейін тіркелген немесе шығарылған автокөліктерге үлкен мөлшерде салық есептерін есептейтінбіз. Ал одан төменгілері бұрынғыша салық нормаларымен есептелетін. Қазір ол нормалар алынып тасталды. Барлығына бірдей есептеледі.

Қымбат көлік иелері акциз төлейді

Ал қымбат көлік иелері қосымша салық төлеуге тиіс. Егер техника құны 75 миллион теңгеден, ал ұшақ немесе кеме бағасы 100 миллион теңгеден асса, 10% көлемінде бірреттік акциз талап етіледі.