Ақмола өңірінің Аршалы ауданына қарасты Жібек Жолы ауылы маңында Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына бағыт алған жолаушылар автобусы бұзылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Барлығы 53 адам, оның ішінде 8 бала – Тәжікстан азаматтары. Құтқарушылар барлық жолаушыларды эвакуациялады. Олар Аршалы кентіндегі жылыту пунктіне орналастырылды, автобус жөнделгеннен кейін жолдарын жалғастырады. Жедел жәрдем фельдшерлері азаматтарға медициналық тексеріс жүргізді.

ТЖМ қыс мезгіліндегі сапар алдында ауа райы жағдайын қадағалаа отыруды еске салады.