Қызылорда облысында бүгін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс күні Әнұран шырқаудан басталды.

Республика күніне арналған бұл акцияға облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейдегі әкімдіктердің екі мыңға жуық қызметкері қатысты. Сондай-ақ бүгін ел дамуына үлес қосқан өңір тұрғындары марапатталды. Мемлекеттік награда Республика күніне арналған салтанатты шарада табысталды.

Әбдіжәлел Бәкір, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері:

- Әрқайсымыздың жеке жауапкершілігіміз жоғары болған уақытта. Әрқайсымыз шын мәнісінде осы қоғамның азаматы деп сезінген уақытта ғана біз жоғары көтеріле аламыз. Мемлекет басшысы берген наградаларды беріп жатыр, марапаттап жатқаны бұл меніңше өте дұрыс. Мен осы сәтті пайдаланып, облысымыздың халқын да, бүгінгі марапатталып жатырған кісілерді де үлкен марапаттарымен, қуаныштарымен құттықтағым келеді.