Өзбекстанда Қазақстанның медицина күндері өтіп жатыр. Шара аясында елдің 200-ден астам қызметкері көрші мемлекетте халыққа ем дом көрсетіп, үздік ғАлымдар күрделі ота жасайды. Ал диагностикалық автобустар шалғай ауылдарға барып, тұрғындардың денсаулығын тексеріп, сараптама алады. Игі шара Қазақстанның Өзбекстандағы медицина жылы аясында жүзеге асып отыр.

Түркістан облысынан келген 25 адамдық екі бірдей медициналық бригада Гүлстан қаласының тұрғындарын тегін тексеруден өткізіп жатыр. Автобустың іші барлық қажетті технологиямен жабдықталған. Қан талдауын жасайтын зертхана бірден нәтижесін шығарып береді.

Бауыржан Оспанов, Келес аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Бұл жерде хирург, невропотолог, акушер гениколог, узи дәрігері сияқты мамандармен келдік. Кешеннің ішінде узи аппараты, барлық қажетті лобараториялық құрал жабдықтар бар.

Тұрғындар жылжымалы медициналық кешеннің келгеніне дән риза. Дерт анықталған жағдайда, тексеріс нәтижесі жергілікті дәрігерлерге жіберіледі. Олар ары қарай науқастың ем домын жасайды.

Матлюба Өмірзақова, Шыршық қаласының тұрғыны:

- Жүрегім ауырып, көп уақыттан бері мазалап жүрді. Қан тамырларым бітелген-деген диагноз қойылды. Осы ауыруханаға жатқызғасын маған отаны қазақстаннан келген мамандар жасады. Өте сәтті өтті. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Көрші елдің дәрігерлеріне алғыс айтамын.

Алматыдағы кордиология және ішкі ауыруларды емдейтін ғылыми зерттеу институтының бір топ ғалымы осы күндері Ташкентте 10-нан аса күрделі ота жасады. Мамандар өзбекстандық әріптестерімен білген түйген тәжірибелерімен бөлісті.

Рүстем Төлеутаев, Алматыдағы Кордиология және ішкі ауырулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы:

- Өзім қазір бір күрделі ота жасағалы тұрмын. Ол өте қауіпті диагноз. Әсіресе мына спортшыларда кездеседі. Ол өзін көрсетпейді. Кенеттен шығып кетуі мүмкін.

10 күнге жалғасатын игі шара аясында мыңдаған өзбекстандыққа медициналық көмек көрсетіледі. Еліміздің ең үздік деген ғалымдары жүрекке, бүйреке, аяқ қол мен тіпті миға ота жасап, тәжірибелерімен бөліседі.