Павлодар облысында өрт кезінде алты адам қаза тапты, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Қаза тапқандардың сүйегі Екібастұз маңындағы Солнечный кентінен жеті шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығынан табылған. Бір адам қашып үлгерген. Қазір ол ауруханада.
Павлодар облыстық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама 9 қазанда сағат 06:34-те түскен. Оқиға орнына облыстың ТЖД күштері жеткен.
Жалын 920 шаршы метр аумақты қамтитын іргелес ғимараттарға да тараған.
"Өрт кезінде үйде 7 адам болған. Олардың бірі, яғни 1972 жылы туған ер адам өз бетінше шығып үлгерген. Жедел жәрдем бригадасы оны медициналық мекемеге жеткізді. Оқиға орнынан алты адамның сүйегі табылды", — деді өңірдің ТЖД баспасөз қызметі өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!