Израиль Йеменнің Ходейда портына әуеден шабуыл жасады. Бұл туралы жергілікті телеарна хабарлады. Аталған нысанға кемінде 12 соққы жасалған. Шабуыл кезінде порт аумағында шамамен онға жуық кеме болған. Нәтижесінде өрт шығып, инфрақұрылымға зақым келді. Йемендегі хуситтер де қарап тұрмай Тель-Авивтегі Рамон халықаралық әуежайы мен тағы бір стратегиялық нысанды зымыранмен атқылады.

Хуситтер бұл шабуылдарды Израильдің Газадағы әскери операциясы үшін жүзеге асырып келеді. 2023 жылғы қарашадан бері олар еврей еліне жәрдемдесуші елдердің Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне жүзден астам соққы жасады. Бұл әрекеттен жаһандық экономикаға 200 миллиард доллар көлемінде шығын келді.