«Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру жалғасады, деп хабарлайды 24kz.
Парламенттік реформа жүргізу шеңберінде жалпыұлттық референдум өткізу бойынша ұйымдастырушылық мәселелер, сондай-ақ елдің Конституциялық заңнамасына ықтимал түзетулер пысықталатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары мәлімдеді. Жиында жаңа мектептер, бірыңғай әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік қамсыздандыру саласын дамыту шаралары ұсынылды. Серік Жұманғариннің айтуынша, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде осы жылдың соңына дейін барлық жоспарланған мектептер пайдалануға беріледі. Одан бөлек, 115 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысаны салынып, Шымкентте және Түркістан облысында 2 перинаталдық орталықтың құрылысы басталады.