Стэнфорд университетінің ғалымдары адам ойын оқитын чип ойлап тапты.

Зерттеу барысында төрт еріктінің ми қыртысына микроэлектродтар орнатылған. Жасанды интеллект нейрондық сигналдарды талдап, қатысушылардың ойлаған сөздерін анықтауды үйренді. Ең қызығы – еріктілер ойша құпиясөз ойлаған кезде, чип оны 99 пайыз дәлдікпен танып қойған. Бұл технологияның мүмкіндігіне таңданған ғалымдар оны болашақта сөйлеу қабілетінен айырылған адамдарға көмекші құрал ретінде қолдануға болатынын айтады.