Риддерде 30-жылдары салынған ескі мектептердің орнына екі жаңасы салынды, деп хабарлайды 24kz.
Үшінші мектептің құрылысы жүріп жатыр. Білім ордалары халық көп шоғырланған шағын аудандарда орналасқан. Мектептер заманауи құралдармен, зертхана және шығармашылық кабинеттермен жабдықталған. Биыл «Келешек мектептері» жобасы аясында өңірде 7 мектеп пайдалануға берілді. Демографиялық өсімді ескере отырып, алдағы үш жылда облыста тағы 10 мектеп ашу жоспарланған.
Жанғазы Әліпбаев, ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Ұлттық жоба аясында 7 мектеп салу жоспарланған. Оның екеуі Риддер мен Шемонаиха қалаларында ескі ғимараттардың орнына бой көтерсе, тағы екеуі Өскемен мен Глубокое ауданында салынды.