АҚШ пен Еуропаның әскери жетекшілері Украинаны соғыс аяқталғаннан кейін қауіпсіздік кепілдігімен қамтамасыз ету мәселесін талқылады. Бұл жиын президент Дональд Трамп Аляска саммитінде Украинаны қорғауға уәде бергеннен кейін ұйымдастырылып отыр.

Жалпы алғанда видеоконференцияға 32 елдің әскери басшылары қатысқан. Осылайша олар Украина бойынша бейбіт келісім жасалса, сол келісімді қолдайтын күштік құрылым жасақтау проблемасын қарастыруға кірісіп отыр. Бұл мәселеде АҚШ-тың рөлі айқын емес. Сейсенбі күні Пентагон ескерткендей, Құрама Штаттар Украинаны Ресейден қорғау үшін оның жеріне әскер жібермейді.

Арыстан Рысбек