Ақорда осы аптада Қазақстанға кімдер келетінін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

Осы аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мынадай іс-шаралар өтеді:

  • 28-29 мамыр күндері Қазақстанға Руанда президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді. Сапар аясында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланып, бірқатар құжатқа қол қойылады.
  • 28 мамырда Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының төрағасы Анке Релингермен кездесу өтеді.
  • 28-29 мамыр күндері Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновская-Давкова жұмыс сапарымен келеді.
  • 28-29 мамырда Астанаға Хорватия премьер-министрі Андрей Пленкович жұмыс сапарымен келеді.
  • 29 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысады және ресми делегация жетекшілерімен, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.
  • 30 мамырда елімізге Италия премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Сол күні аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірінші "Орталық Азия – Италия" саммиті өтеді.
  • 31 мамырда Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget