Батыс Қазақстан облысында республикалық тасжолдарда 7 антенна діңгегі орнатылады. Бұл күре жолдардағы ұялы байланыс пен интернет сапасын арттыруға сеп болмақ. Өңірдегі 405 ауылдың 355-і интернет желісіне қосылған. Ұялы байланыс операторлары былтыр 23 елді мекенде жаңа базалық станциялар орнатты. Биыл 33 ауылда қолданыстағы байланыс қондырғылары жаңартылып жатыр. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда 220 ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу жоспарланған. Қоғамдағы маңызды салаларға цифрлық шешімдер енгізу жалғаса бермек.
Нұрғиса Қамашев, облыстық Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:
Біздің республикалық автокөлік жолдарында интернет нашар. Алты аудан бойынша 7 радионүкте анықталды. Осы радиожелілерге бүгінгі күні сметалық-жобалық құжаттамалар жасақталып, арнайы қорытындысын алдық. Бұл жоба 2027 жылы жүзеге асырылады.
Ардақ Мұратқызы