«Blue Origin» компаниясы Жер мен Марсты тікелей байланыстыратын жаңа жобасын таныстырды.

«Mars Telecommunications Orbiter» жоғары жылдамдықпен деректерді Жерге жеткізіп, ғалымдарға суреттер мен ғылыми мәліметтерді бұрынғыдан әлдеқайда тез алуға мүмкіндік береді. Салмағы бір тоннадан асатын спутник NASA-ның «Mars Exploration Commercial Services» бағдарламасы аясында әзірленіп жатыр. Миссия сәтті орындалса, Марс пен Жер арасындағы ақпарат алмасу уақыты қысқарып, болашақ Марс экспедициялары үшін тұрақты және сенімді байланыс желісі құрылады.