Қазақстан Қытаймен арадағы әуе рейстерінің қатарын көбейтуге ниетті, деп хабарлайды 24kz.
Алда Өзбекстанмен де жаңа бағыттар ашылады. Тараптар ұшу жиілігімен қатар рейстердің географиялық ауқымын арттыруға бейіл. Меже орындалса, алыс-беріс артып, барыс-келіс жеңілдейді. Бұл жайлы бас қалада өтіп жатқан «Орталық Азия + Қытай» форматындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық бойынша жұмыс тобының екінші бас қосуында сөз болды.
Айтайық, қазір шығыстағы көршілерімізге апта сайын 78, ал қазақ-өбек мемлекеттерінің арасында 51 рейс қатынайды.
Дархан Қатышев, ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:
- Осы конференцияның басты мәселесі осы ынтамақтастықты нығайту, авиация саласында. Атап өтсек, авиациялық қауіпсіздік дейді. Ұшу қауіпсіздігі дейді, ол – техникалық қауіпсіздік. Қауіпсіздіктің деңгейін көтеру ең маңызды нәрсе және тасымалдау. Қазіргі уақытта туризм де дамып жатыр. Қытай мемлекетінде, Орталық Азия мемлекетінде. Өзбекстанда, Қазақстанда туризм дамып жатыр.
Сондай-ақ келелі кеңесте авиация саласына сыртқы салым тарту, жаңа хабтар құру бойынша келіссөздер жүруде.
Айтайық, тараптар бұған дейін Қытайда кездескен еді. Бұл жолғы бас қосу ертең де жалғасады. Сондай-ақ тамыздың 14-і Қазақстан мен Қытай және Өзбекстан өкілдері екіжақты отырыс өткізеді.