Шымкент қаласында 50-ге жуық мемлекеттік орган бар. Бүгінде бұл мекемелерде 2012 мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Бағдарлама кейіпкері – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Аянай Мұхитқызы. Ол мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, ашықтықты, сонымен қатар жас мемлекеттік қызметшілерге қолдау бағытында ауқымды жұмыстарды атқарып келеді.