Сан ғасыр бойы шетсіз-шексіз сары даланы салт атпен кезген халқымыз жолдың жайын өзгелерден жақсы біледі. «Жол азабы – жан азабы», – дейді мұндайда там қазақ. Иә, тіршіліктің күретамыры саналатын жол – кез келген елдің дамуының басты көрсеткіші. Ендеше біз табан тіреген Түркістан өңірінде бұл бағытта қандай іс тындырылып жатыр?