АҚШ-тағы ірі қалалардың бірі Чикагода ауа сапасы нашарлады .
Бұл туралы ауа сапасын бақылайтын IQAir сайтында жарияланды. Онда сары деңгей белгіленген. Бұл ауа сапасы денсаулығында кінараты бар адамдарға қауіпті дегенді білдіреді. Қазір қаланы тұман басқан. Бұл көршілес Канаданы шарпыған орман өрттерінің түтіні. Онда 700-ден астам жерде орман өрті өршіп тұр. Осыған байланысты АҚШ-тағы 14 штатта ауа сапасы туралы миллиондаған адамға ескерту жарияланды. Дәрігерлер демікпемен немесе басқа респираторлық аурулармен ауыратын адамдарға барынша көшеде жүру уақытын шектеуге кеңес береді.