Әнші Қыдырәлі Болманов өзінің мерейлі 50 жасын кең көлемде атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жары Қарақаттың айтуынша, өнер иесінің туған күні өзі қалаған "Қарақат мектеп студиясының" 15 жылдығымен және жақында жарық көрген кітабының тұсау кесуімен тұспа-тұс келген.

"19 мамыр. Сол күнгі қарбаласты сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Таңнан “Қарақат салған қанатты ән” атты тұңғыш кіабымның тұсауы кесілді, кешке “Қарақат” мектеп студиясының 15 жылдығына арналған үлкен концерт өткіздік. Концерттен шығып ,Қыдекемнің мерейлі жасына арналған банкетке өттік. Концертімізді тамашалаған халықтың айтуынша, бұл бір мемлекеттік деңгейде жасалған іс-шарамен тең болды. Қыдекеңнің N1 продюсер екенін дүйім жұрт тағы да бір мойындады. “Өз алдына бір Қазақконцерт екенсіздер” деген елдің пікірі жүрегімізді қуанышқа бөлегені рас. Мынандай деңгейдегі концерттің шығынын, жасаған адам ғана біледі. Қыдекең жасаса тек осылай “шоу “ қылып жарығын, дыбысын бәріне қаражатын аямай құйып, ең сапалысын қойғызып жасайды. Баланың , басқаның концерті деп бөліп қарамайды. Бұл жолы да, бұған дейін де жасаған барлық жобаларына үкіметтен бір тиын алып көрген емес! Осыншама ұлттық жобаларды өз күшімен көтеріп, өз қаражатымен демеп, қайтпас -қайсар мінезімен арқалап келе жатқанына міне -34 жыл ! Алла абыройынан айырмасын", — деп жазды Қарақат.

Балғынбек Имашев та Қыдекеңе өзінің керемет ән шумақтарын арнай келіп, қонақтарды тәнті етті.

“Ақынға қара сөзден өлең оңай” демекші Балғынбек ақынның концертте отырып Қыдекеңнің мерейлі жасына арнап жазған “Продюсерлердің королі” деген өлеңі бұл. Жүрегі ұлтым деп соққан өнер патшасына сөз патшасынан асқан сый бар ма?! Алғысымыз шексіз!"-деп жазды Әбілдина.

Сондай-ақ, ол ақ тілегін арнап келген барша өнердегі әріптестеріне алғысын білдірді.

"Қуанышымызға ортақ болып, концертімізге жылы-жылы лебіздерін білдіріп жатқан жандарға да мың алғыс. Ең бастысы жүректен шыққан жылы сөздеріңіз жүрекке жетіп жатыр. Алланың нұры жаусын баршаңызға!"

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)