Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған .
Оқиға кеше, 29 шілде кешкі уақытта болған, шамамен сағат 21:30-да төрт жаралы адам Мойынқұм аудандық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша (Екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу, адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе бұзақылық ниетпен жасалған) қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру және тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.