Биылғы жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша еліміздің көлік саласы 22,7%-ға өсті. Мұндай мәліметтерді Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саланың өсу динамикасына жүк тасымалының жалпы көлемінің артуы әсер еткен, көрсеткіш 550,7 млн тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10,9 %-ға жоғарылаған. Оның ішінде автомобиль көлігімен жүк тасымалы 1,8 %-ға, теміржол көлігімен жүк тасымалы 12,4 %-ға және құбыр арқылы тасымалдар 18,2 %-ға артқан. Жолаушылар тасымалы 10,5%-ға өсіп, 928 млн жолаушыны құраған.

Жүк тасымалы көлемінің өсуі экономиканың базалық секторының дамуы есебінен қамтамасыз етілді, атап айтқанда тау-кен металлургиясы, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салаларының есебінен өсті.