АҚШ-тың Кентукки штатындағы шіркеуде атыс болып, екі әйел қаза тапты.

Тағы үш адам жараланды. Бұл туралы Лексингтон қаласының полициясы хабарлады. Күдікті алдымен жергілікті әуежай жанында полицияға оқ атып, кейін басқа біреудің көлігімен мінәжат орнына барған. Сол жерде халыққа оқ жаудырып, тұрғындарды жаралады. Екі әйел оқиға орнында жан тапсырды. Бір тұрғын аса ауыр халде ауруханаға түсті. Қаскөйдің өзі полицейлердің оғынан мерт болды. Оның кім екені әлі жарияланбады және мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

Гэри Гинн, Файетт округі тергеу бөлімінің маманы:

«Бұл шағын ғана шіркеу болатын. Ол жерге келетін адамдардың басым бөлігі бір-біріне туыс не таныс жандар. Қазір жергілікті полиция тергеу жүргізіп, куәгерлерден жауап алып жатыр. Қылмыскердің кім болғаны анықталды. Толық ақпаратты жуық арада жариялаймыз».