Израиль бір күнде Газа секторындағы ХАМАС-қа тиесілі 250 нысанға шабуыл жасады, деп хабарлайды 24kz.
Олардың ішінде қару-жарақ сақтайтын қоймалар, жарылған заттар тұрған орындар және бақылау бекеттері бар. Қазір Израиль әскерінің құрлықтағы бөлімшелері Хан-Юнис пен Рафах аудандарында, сондай-ақ Газаның солтүстігінде рейдтер жүргізіа жатыр. Анклавтағы осындай ұзаққа созылған әскери әрекеттер аясында БҰҰ Таяу Шығыс бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық конференция өткізбек. Ол 28–30 шілде аралығында Нью-Йорктегі ұйымның штаб-пәтерінде өтеді.