Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны бәсеңдеген. Биыл алғаш рет апта ішінде бұл тауарлардың бағасы өспеген, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, өткен аптада бірқатар азық-түлік өніміне баға төмендеді.
Атап айтқанда арзандаған мына тауарлар:
- жұмыртқа 1,2%-ға;
- пияз 0,8%-ға;
- сәбіз 0,6%-ға;
- рожки мен күріш 0,1%-ға.
Сонымен қатар, жыл басынан бері ұн бағасы 1,7%-ға төмендегені байқалды.
Өңірлер арасында баға индексі:
- Түркістан облысында — 0,2%,
- Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында — 0,1 тіркелді.
- Ал Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Абай облыстарында баға индексі өзгеріссіз, нөлдік деңгейде қалды.
Өңірлік комиссиялар анықтаған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді бақылау мақсатында белгіленген 15%-дық шекті сауда үстемесін асыру деректері бойынша 1 872 әкімшілік іс қозғалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!