Музарт” тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов артық салмақпен күресудің жолын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Мектепте салмағым көп болатын. Содан алты айдың ішінде 35-40 келі салмақ тастадым. Үш мезгіл спортпен айналыстым. Сол кезде мектептегілер мені танымай қалған. Артық салмақ адамға басқаша түр береді екен. Егер өнерге келмегенде, спорттың бір бұрышында жүрер едім. Спортты жақсы көремін. Спортпен қазір де айналысамын. Бассейнге барамын. Бокспен бір жарым жыл айналыстым. Спорт денсаулық үшін керек", – деді Кенжебек Жанәбілов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Кенжебек Тұрсынбайұлы (@kenzhebekmuzart)