Мөлдір Мұқанова алғашқы киносын түсіру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол «Шәй в большом городе» деген фильм түсірмек.

Фильмге арналған жаңа паблик туындының продюсердің өмірінен сыр шертетіні туралы жазды.

«Тыныш жатқан желі тағы да бір толқиды... Мөлдір тағы не бастап жатыр?! Бұл — ерекше жоба. Оны бұрынғы Мөлдірмен байланыстырмаңыз. Бұл — жаңа қыр, жаңа бетбұрыс. Қоғамдағы үнсіз шындық, жанды ауыртатын сәттер мен күлкіге жасырылған көз жасы... Осының бәрі бір жерге тоғыса ма? Не туралы екен деп ойлап отырсыз ба? Жақында бәрін білесіз», — деп жазылған фильмнің дәстүрлі рәсімінен түсірілген видеоның сипаттамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ШӘЙ В БОЛЬШОМ ГОРОДЕ (@shai_v_bolshom_gorode)