Елордада қайтарылған активтер есебінен стадион салынып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Бұл әлеуметтік нысанды 2026 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс аяқталғаннан кейін стадион аумағында футболды дамытуға басымдық беретін мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі орналастырылады.
Стадион құрылысы бастапқыда 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған болатын.
"Мектеп 8 бен 18 жас аралығындағы 750 балаға есептелген. Жас спортшыларға жаттығу және жарыс процесіне қажет барлық жағдай жасалады: заманауи футбол алаңы, киім ауыстыратын бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, медицина кабинеті және көрермендерге арналған трибуналар қарастырылады", — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бастапқыда жаңа аренаның құрылысына 17 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз