Қостанай облысында бір апта бойы мобильді топтар елді мекендерді аралап , құқықтық кеңес береді. 23-27 маусым аралығында өңірдің прокуратура қызметкерлері әр азаматтың өтініш-шағымын зерттеп, тиісті көмек көрсетпек. Мұндай формат бір мезгілде заң қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік бермек.

Бауыржан Бекбосынов, Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары:

«Заң мен тәртіп» қағидасының ең маңыздысы – тек қана жауапкершілікке тарту ғана емес, ең басты мақсат – ол құқықбұзушылықтарды болдырмау. Сондықтан осы мобильді біздің пункттерге азаматтар өздерінің көкейдегі жүрген көптеген сұрақтары бойынша келіп, арыз-шағымдарын беріп, оларға жауап алуға болады.

Мәдина Нағашыбай