Лос-Анджелесті Ұлттық гвардия мен теңіз жаяу әскерінің 5 мың сарбазы күзетіп тұр. Қазір шаһардағы мигранттар орталықтары лық толы. Көші-қон полициясы елге заңсыз кірген 55 мыңнан аса адамды осында қамап тастаған. Ал мұндағы орын саны 42 мыңға да жетпейді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Лос-Анджелеске аттандырған сарбаздары Ирак пен Сирияға жіберген әскерден де көп. Бұл туралы америкалық ABC телеарнасы хабарлады. АҚШ-тың Иракта 2,5 мың, ал Сирияда 1,5 мың ғана сарбазы бар.

Еске салайық, Лос-Анджелестегі бүлік мигранттарды тексеру шараларынан кейін басталды. Қалада қауіпсіздік талаптары барынша күшейтіліп, коменданттық сағат енгізілген. Бейсауат адам жүрмейді.