Премьер-министр Олжас Бектеновтің Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Үкіметтің Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлық мейрам қайырымды болу, имандылық пен жанашырлық сияқты халқымызға тән бірегей қасиеттерді дәріптейді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда діннің аса маңызды миссиясы ұлтты ұйыстыру екенін атап өтті. Бұл орайда Құрбан айт ел бірлігін бекемдеп, асыл дініміздегі рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуда айрықша орын алады. Айт күндері ағайын-жұрт бір-біріне игі лебіздерін білдіріп, бауырмалдық пен өзара сыйластықтың шынайы үлгісін көрсетеді. Кемел келешектің кепілі ретінде бейбітшілік пен татулықтың маңызы арта түседі.

Қасиетті мереке елімізге ырыс-несібесін ала келсін. Халқымыздың ниеті қабыл болып, әр шаңырақ мол қуанышқа кенелсін», делінген аталған құттықтауда.