2 маусымда Астанадағы Республика даңғылы бойында жол апатынан зардап шеккендердің жағдайына қатысты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тың дерек жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Instagram желісіндегі парақшасындағы мәліметке сүйенсек, жедел медициналық жәрдем бригадалары қала стационарларына барлығы 15 адамды жеткізген.

Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Қалғаны үйге жіберілді.

"Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы тұрақты ауыр және өте ауыр деп бағаланады. Бір пациентке аяқ ампутациясы жасалды", — делінген хабарламада.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері барлық зардап шеккенге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілетіне уәде беріп отыр.

Еске сала кетейік, 2 маусымда желіде жол апатына түскен жолаушылар автобусының видеосы тарағанын жазған едік. Куәгерлердің айтуынша, автобус бағанаға соғылған. Оқиға орнына медицина қызметкерлері жеткен.

Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр екені хабарланды.