Шымкентте тұрғын үй салып жатқан 9 құрылыс компаниясы үлескерлердің ақшасын заңсыз жолмен пайдаланған. Мұндай әрекет етуіне рұқсат құжаты жоқтығына қарамастан олар тұрғындардан ақша жинаған. Осындай жолмен тұрғызылып жатқан үйлердің құрылысы тоқтатылды. Оны салып жатқан компаниялар үлескер тартуға рұқсаты жоқ құрылыс мекемелері тізіміне енгізіліп, 786 миллион теңге айыппұл төледі. Енді анықталған кемшіліктерді тез арада жоймаса, лицензияларынан айырылуы мүмін. Жергілікті билік үлескерлердің қаржысын заңсыз пайдаланған компаниялардың тізімін әлеуметтік желіде жариялады. Мегаполисте мұндай жағдай бұған дейін де болған . Үлескерлер қаржысына тұрғызылған екі көпқабатты тұрғын үйді салғандар 5 жылдан бері пайдалануға бере алмай келеді.

Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:

Барлығы 9 тұрғын үй кешеніне әзірге рұқсат алынбаған. Бұл кісілер ҚР заңнамасына өздерінің құжаттарын сәйкестендіру керек. Біздің тұрғындарымыз осы компанияларға үлескер болып кірердің алдында мықтап ойлануы керек.

Ғани Қалмаханов