Дональд Трамп билікке келгеннен кейін Ақ үй әкімшілігі 50 мың жаңа қызметкермен толықты.
Басым бөлігі көші-қон қызметі және кедендік бақылау саласының мамандары. Ал басқа федералдық ведомстволарда бұл уақытта жаппай қысқарту жүріп, жыл басынан бері 106 мыңнан астам адам жұмыстан босатылды. Соның салдарынан Қорғаныс министрлігі, қаржы және салық қызметінде маман тапшылығы өткір сезілді. Мұны сарапшылар АҚШ-тағы қатаң иммиграциялық саясатпен байланыстырады.