Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила жақында ғана өз қызметкерлерге пәтер сыйлаған Тұрсын Алагөзовті қатаң сынға алды.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Тұрсен сыра мен зиянды шай шығару арқылы ұрпағыңды улап жатыр
Баян қыздарыңның санасын улап жатыр.
Бұл менің пікірім! Менің пікірім дәл сіздікіндей болуға тиісті емес, олай болуы мүмкін де емес! Біз отардағы қой емеспіз, маңырап иесі қайда айдаса сонда жүре беретін! Әркімде өзінің пікірі болуы, оны ашық айта алуы қалыпты дүние!
70 млрд теңге пайда тапса, жұмыскерлеріне дұрыс жал ақы төлемеген, сол ақшаға халыққа зиянды сусындар сатып улаған! Дұрыс жал ақы төлесе 15-20 жыл жұмыс істеген адамдар үйсіз-күйсіз жүрмесе керек қой..
Бұл шай шынында денсаулыққа орасан зор зиянын тигізуі әбден мүмкін!
Мүмкін болатын зиянды әсерлері
1. Іш жүргізетін әсері: Ұзақ уақыт бойы іш жүргізетін шайларды қолдану ішек жұмысын табиғи рефлексінен айырып, тәуелділікке әкелуі мүмкін.
2. Су мен электролиттердің жоғалуы: Зәр айдайтын және іш жүргізетін әсерлер ағзадан су мен маңызды минералдардың (калий, магний) шығуына себеп болады, бұл өз кезегінде әлсіздік, бұлшықет тартылуы және жүрек ритмінің бұзылуына әкелуі мүмкін.
3. Психологиялық тәуелділік: Адам ағзасы шайдың көмегінсіз табиғи түрде жұмыс істей алмайды деген сенім қалыптасуы мүмкін.
• Табиғи баламалар: Асқабақ, зығыр тұқымы, алоэ, қара өрік сияқты табиғи өнімдер ішек жұмысын реттеуге көмектеседі», — деп жазды кәсіпкер.