Ыстамбұлдың Бас прокуратурасы Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды және тағы 36 израильдік жоғары лауазымды шенеунікті қамауға алуға ордер берді. Олар Газа секторының тұрғындарына қарсы жаппай қылмыс жасады деп айыпталуда.
Іс материалдары куәгерлердің айғақтарын, фотобейне деректерді, сондай-ақ азаматтық нысандар мен ауруханаларға жасалған соққылар жөніндегі мәліметтерді қамтиды. Израиль Сыртқы істер министрлігі бұл әрекетті Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның «пиар-науқаны» деп атады.