Жүзу мектеп бағдарламасына енгізіледі, пилоттық жоба 2026 жылы Астана мен Алматыда басталады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Qazaq Aquatics федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин мәлімдеді. Ол Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, бағдарламаны енгізу бойынша жұмыс істеліп жатқанын баяндады.

Жоба 2026 жылы Алматы және Астана қалаларында пилоттық режимде іске қосылып, кейін бүкіл ел бойынша кезең-кезеңімен енгізіледі.

"Бұл бастама АҚШ, Аустралия және Венгрия сияқты елдердің үлгісі бойынша жүзеге асырылып жатыр", - деді Дмитрий Баландин.

Бүгінде елімізде 360-тан аса бассейн бар, оның 35-і — олимпиадалық стандарттағы 50 метрлік бассейндер. Су спортымен 135 мыңнан аса адам айналысады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget