Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тоғызыншы сынып оқушысы жүктіліктің 38-аптасында босанды. Бұл жағдайға Оқу-ағарту министрлігі пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Балалардың құқығын қорғау комитеті мәліметінше, қазір оқушы мен сәбидің жағдайы тұрақты.

"Жасөспірімге психологиялық көмек көрсетілді. Бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Жағдай өңірлік балалар құқығы жөніндегі уәкілдің бақылауында", — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget