Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас кенже ұлы Ханға аса қымбат сыйлық тарту етті. Өнер иесі 11 жастағы перзентіне салоннан су жаңа көлік сыйлаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызды жанұядағы бұл жаңалықты Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жария етті. Белгілі продюсер Instagram-дағы парақшасында әншінің ұлына көлік сыйлаған сәтінен видео жариялап, көпшілікті немересін жаңа темір тұлпарымен құттықтап қоюын сұраған,

"Ханды құттықтап қойыңыздар, көлікті болды. Папасының да, анасының да қолдары тимейді. Өз жүргізушісі таситын болды", — деп жазды Айдарбекова.

Гүлзира Айдарбекованың Stories-і. Скриншот: Instagram/gulziraaidarbekova

Әлеуметтік желіде Нұртас Айдарбековтың 11 жастағы немересін құттықтап, көрімдік беріп жатқан видеосы да тарады.

Белгілі болғандай, Қайрат Нұртас ұлына cоңғы үлгідегі Hyundai Palisade автокөлігін сыйлаған. Темір тұлпардың нарықтағы бағасы — 35-40 млн теңге.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз